🇰🇿 Қазақстандағы 2008 жылғы футболшылар буыны шынымен де өте мықты көрінеді. Бүгін олардың Португалиямен тең түсуі кездейсоқ нәтиже емес. Әсіресе соңғы жылдары «Астана» тәрбиеленушілері ерекше көзге түсіп жүр.
🇵🇹 Португалия қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы Алдияр Нұрғали кезінде Абраевпен бірге елордалық клубта өскенін айтты. Бүгінгі құрамда олармен бірге тағы екі матч қаһарманы өнер көрсетті: қазір «Қайрат-Жастарда» ойнайтын қақпашы Данила Буч және қорғанысты сенімді басқарған Әлихан Жексенбек. Бұл жігіттердің барлығы бір кезде «Астана-2008» сапында бірге ойнаған. Нағыз Dream Team деуге болады.
Ал бұған қоса «Ақтөбеде» өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген Латурнасты және әлдеқашан өз деңгейін дәлелдеп үлгерген Сәтпаевты қосыңыз. Олардың барлығы — 2008 жылы туған футболшылар.
Бельгияда Азар, Де Брюйне, Лукаку бастаған алтын буын болған еді. Бізде де өз алтын буынымыз қалыптасып келе жатқан сияқты. Кім біледі, бәлкім дәл осы жігіттер болашақта Қазақстанды ірі халықаралық турнирге алып шығатын шығар. 🇰🇿🔥
____
🇰🇿 Поколение футболистов 2008 года в Казахстане действительно выглядит очень сильным. Сегодня не просто так они сыграли вничью с Португалией. Особенно ярко в последние годы проявляют себя воспитанники «Астаны».
🔝 Автор единственного гола в ворота португальцев Алдияр Нургали признался, что рос вместе с Абраевым в столичном клубе. Вместе с ними в сегодняшнем составе выступали ещё два героя матча — голкипер Данила Буч, который сейчас играет за «Кайрат Жастар», и цементировавший оборону Алихан Жексенбек. Все эти ребята когда-то играли в одной команде — «Астана-2008». Настоящий Dream Team.
🇰🇿 А ведь к ним можно добавить ещё Латурнаса, который здорово проявляет себя в «Актобе», а также Сатпаева, давно зарекомендовавшего себя на высоком уровне. И все они — футболисты 2008 года рождения.
🇧🇪 У Бельгии было своё золотое поколение: Азар, Де Брюйне, Лукаку. Похоже, и у нас растёт собственное золотое поколение. Кто знает, возможно, именно эти ребята однажды выведут Казахстан на крупный международный турнир. 🇰🇿🔥